МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІНЕ СЕМИНАР

МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІНЕ СЕМИНАР

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Семинарда Ерзат Жасқанбайұлы зайырлық ұғымының мәні мен маңызына тоқталып, Қазақстандағы дін мен мемлекет арасындағы байланыс туралы түсінік берді. Ол зайырлықтың дінге қалай ықпал ететіні және қоғамдағы әртүрлі діни ағымдар мен идеологиялардың өзара үйлесімді түрде өмір сүруіне жағдай жасауы қажеттігін атап өтті. Ерзат Жасқанбайұлы зайырлы қоғамда діннің рөлі мен орны туралы сөз қозғап, жастардың бұл мәселені дұрыс түсінуге маңызды екенін айтты.

«Біздің елімізде зайырлы қоғам құрылды, бұл дегеніміз – мемлекеттің діннен бөлек болуы, бірақ сонымен бірге діннің азаматтардың жеке өміріндегі орнын құрметтеу. Бұл үрдіс біздің қоғамда дін мен мәдениеттің дамуына, тұрақтылық пен бейбітшілікке негіз қалайды», – деп түсіндірді дінтанушы.

Сонымен қатар, Ерзат Жасқанбайұлы семинар барысында медресе шәкірттеріне зайырлық қағидаттарын сақтай отырып, өздерінің діни білімдерін дамытуға, діни төзімділік пен мәдениетке бағытталған жұмыстарды жалғастыруға шақырды. Жиын соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, дін мен зайырлық арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың маңызы жөнінде пікір алмасты.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: