Меркі ауданы, Т.Рысқұлов ауылының «Жарас ата» мешітінің имамы Көктал Мадиярдың ұйымдастыруымен үш отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді.
Сауапты іс аясында ауылдағы қарапайым отбасыларға қажетті азық-түлік таратылып, оларға қуаныш пен жылулық сыйланды.
Көмек алған отбасылар шынайы алғыстарын білдіріп, игі іске атсалысқан жандарға ақ баталарын арнады.
Алла Тағала баршамызға өзара мейірімді, бауырмал болуды нәсіп етсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі