#Меркі ауданында Дүниежүзілік хиджаб күні аталып өтті

#Меркі ауданында Дүниежүзілік хиджаб күні аталып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында 1 ақпан – Дүниежүзілік хиджаб күніне орай «Жүніс молда» және «Меркі ата» мешіттерінің әйел-қыздар жамағаты бас қосты.

Жиын барысында ұстаздар тарапынан уағыз-насихат айтылып, дін мен дәстүр сабақтастығы жөнінде пайдалы ақпараттар берілді. Сонымен қатар, сұрақ-жауап ойындары ұйымдастырылып, рухани сұхбат өрбіді.

Іс-шараның ерекше сәті – әпке-қарындастардың бір-біріне орамал сыйлап, ізгі тілектерін арнауы болды. Бұл игі дәстүр жамағат арасындағы сыйластық пен бірлікті нығайта түсті.

Жиналған әйел-қыздар қауымы ұстаздарға ризашылықтарын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: