Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылындағы «Әл-Карим» мешітінің жанынан мешіт имамының бастамасымен және ауыл тұрғындарының демеушілігімен асхана салынып, салтанатты түрде ашылды.
Игі шараға арнайы қатысқан Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы жиналған қауымға мешіт тұрғызу мен оған қарайласудың дініміздегі үлкен сауапты іс екенін айтып, уағыз-насихат жүргізді. Ашылу рәсімінен кейін жиналған қонақтарға арнайы дастархан жайылып, ақсақалдар бата берді.
Ауыл тұрғындары мешіт асханасының бой көтеруіне ұйытқы болған ауыл имамына және игі іске атсалысқан барша азаматтарға шынайы алғыстарын білдірді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі