«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында бабалар рухына арналып Құран хатым дұғасы жасалды.
Пайғамбарымыздың хадис-шарифінде: «Расында, Алла Тағала (ізгі ұрпақтың дұғасымен) пенденің дәрежесін көтереді. Сонда пенде: "Бұл ненің себебінен?" – деп сұрайды. Алла Тағала: "Сенің ұрпақтарыңның дұғасы себепті" – деп жауап береді» делінген.
Осыған орай, «Жүніс молда» мешіті мен «Меркі ата» мешітінің әйел-қыздар секторы бірлесе отырып, дүние салған ата-бабалар мен жақын туыстардың рухына Құран хатым дұғасын бағыштады.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі