Меркі: Ауданда бес отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді

Меркі: Ауданда бес отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Т.Рысқұлов ауылының «Жарас ата» мешітінің имамы Көктал Мадиярдың бастамасымен бес отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Қолдау көрсетілген отбасылардың мүшелері арасында мүмкіндігі шектеулі және зағип жандар бар. Оларға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік – ұн, қант, май, шай, кеспе, макарон және басқа да тағам түрлері үлестірілді.

Қайырымдылық көмегін алған отбасылар ауыл имамы мен жомарт жандарға алғыстарын білдіріп, игі бастаманың жалғасын табуына тілектестік танытты.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: