Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
Шу аудандық әйел-қыздар секторының ұлағатты ұстаздарына сый-сияпат табысталып, құрмет көрсетілді. Ақ дастархан барысында сүбелі сөз, өнегелі әңгіме айтылып, ұстаздар қауымына алғыс айтып, «Кәрібай молда» мешітінің ұстазы Байтөриева Ғалия «Үздік ұстаз» номинациясымен марапатталды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



16 Сәуір 2026
28 Шавваль 1447

