Шу ауданына арнайы іс-сапармен келген Түркістан облысының әйел-қыздар секторының жетекшісі, ұстаз Еңлік Абиева орталық «Жәми» мешітінде әйел жамағатымен кездесіп қайтты.
Ислам және отбасы жылына орай ұйымдастырылған бұл шарада «Ер - елдің киесі, Әйел – үйдің иесі» атты тақырыпта білікті маман уағыз-насихат айты. Сырласу кешінде ел анасы жиналған көпшілікпен емін-еркін сырласып, естеліктері мен ғибратты, өнегелі әңгімелерімен бөлісті.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.
 
 
 
 


                                    04 Қараша 2025
                                    13 Джумада-авваль 1447

