"ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ" МЕШІТІ 14-ШІ ҚАРИЫНА ҰМРАҒА ЖОЛДАМА СЫЙЛАДЫ

"ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ" МЕШІТІ 14-ШІ ҚАРИЫНА ҰМРАҒА ЖОЛДАМА СЫЙЛАДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің жанындағы "Құран қарилар" курсы тағы бір шәкірттің үлкен жетістікке жетуіне себеп болды. Құран жаттауға арнайы Арыс өңірінен келген Рахман Нұрасыл қасиетті кітапты толық меңгеріп, қари атанды.

Айтулы сәт қасиетті жұма күніне орай ұйымдастырылып, жиын барысында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев жамағатқа қарилық курсының маңыздылығын атап өтіп, курсты тәмәмдаған шәкіртке жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, ұстазы Бірлік Аманкелді шәкіртінің қажырлы еңбегін ерекше атап өтіп, оның алдағы бағындырар белестеріне сәттілік тіледі.

Рахман Нұрасыл – "Қарилар" курсын 2022-2025 жылдары үздік тәмамдаған 14-ші қари. Оның бұл жетістігі өңірдегі діни білімнің жоғары деңгейін көрсетіп қана қоймай, жастардың Құранға деген сүйіспеншілігін одан әрі арттыра түсуде. Алдағы Рамазан айында курс шәкірттері тарауық намазында тоғыз хатым түсіруді жоспарлап отыр.

Жиын соңында бас имам қариға батасын беріп, Ұмра қажылығына сертификат табыстады. Жамағат жас қаридың Құран ілімін ары қарай жалғастырып, халық игілігіне қызмет етуін тілеп, дұға жасады.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: