Ережеп айы барша мұсылмандар үшін ерекше қасиетті айлардың бірі. Алланың айы саналатын бұл кезеңде қайырымды істер жасап, нәпіл және түнгі құлшылықтарды көбірек орындаудың сауабы мол болары сөзсіз.
Шу ауданы «Жәми» мешітінің әйел-қыздар секторы қасиетті Ережеп айында Хатым Құран түсіріп, дастархан жайды. Жиын барысында ақ жаулықты әжелер өнегелі әңгімелер айтып, әйел жамағаты уағыз-насихат тыңдады.
Шу ауданы «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.