Жамбыл: «Ботабай» мешіті мұқтаж отбасыларға көмір жеткізді

Жамбыл: «Ботабай» мешіті мұқтаж отбасыларға көмір жеткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Жамбыл ауданы, Құмтиын ауылындағы «Ботабай» мешітінің молдасы Қуаныш Исмаилов қыс мезгілінде мұқтаж отбасыларға көмек қолын созды. Ауылдың тұрмысы төмен бес отбасына жалпы көлемі 10 тонна көмір жеткізіліп, жылу сыйланды.

Қайырымдылық шарасы барысында Қуаныш Исмаилов пайғамбарымыздың хадисін еске салды: «Көршісі аш болып, өзі тоқ болған адам бізден емес». Осы хадисті негізге ала отырып, мұқтаж жандарға көмектесу, оларға жәрдемдесу арқылы Алланың разылығына бөлену – мұсылманның басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

«Жақын көршілерімізге немесе қиындық көріп жүргендерге жәрдемдесу – сауапты іс. Мұқтаждарға көмек көрсету арқылы біз олардың алғысына бөленіп қана қоймай, өзімізге де шынайы рухани тыныштық сыйлаймыз», – деді молда.

Бұл игі шара ауыл тұрғындарына үлгі болып, жақсылықтың жарық жолын көрсетті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: