Жамбыл облысы, Қордай ауданының «Қордай» мешітінің бас имамы Алмұханбетаранжан Егизбаев Қарасай баба ауылында, мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиынға ауыл әкімі, ақсақалдар, билер және ел ағалары да қатысты.
Кездесу барысында бас имам ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, қоғамда туындайтын өзекті мәселелер туралы сөз қозғады. Ол заңсыз неке қию, жастарды ғылым мен білімге ынталандыру, сондай-ақ қоғамдағы діни және әлеуметтік мәселелерді шешудің маңыздылығына ерекше тоқталды.
Бұл кездесудің мақсаты – ауыл тұрғындарына рухани және әлеуметтік мәселелер бойынша түсінік беріп, ел бірлігін нығайтуға үлес қосу болды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі