Жамбыл: "Дәстүрдің озығы да бар, тозығы да бар"

Жамбыл: "Дәстүрдің озығы да бар, тозығы да бар"

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл аудандық "Бәйдібек" мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев Аса ауылының әкімдігінде ауыл әкімі мен ауыл ақсақалдарының қатысуымен жаназа, ас-садақаларда ысырапқа жол бермеу мәселесіне арналған кездесу өткізді.

Кездесу барысында жаназа дастарханының мәзіріне қатысты мәселелер көтеріліп, үш күн бойы қайғы болған шаңырақта дастархан жайылмауы тиіс екені айтылды. Сондай-ақ әр ауылдан келгендерге ақша тарату, құдайы ас кезінде сөз жарыстыру сияқты дінімізде де, дәстүрімізде де болмаған теріс әрекеттердің орын алып жатқандығы сынға алынды. Имам бұл мәселелерді "дәстүрдің тозығы" деп атап, оларды түзету – әрбір мұсылманның міндеті екенін еске салды.

«Бұған дейін көптеген түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Толық өзгерістер болмағанымен, ысырапқа жол бермеуді қолдайтындар көбейіп келеді. Алла тағала болашақта бізді ысырапсыз қоғамда өмір сүруді нәсіп етсін. Алла сүймейтін әрекеттерден аулақ болу – әрбір мұсылманның парызы», – деді Азамат Балхожаев.

Шара соңында ақсақалдар мен ауыл тұрғындарына толыққанды түсіндірме беріліп, бұл бағыттағы жұмыстардың алдағы уақытта жалғаса беретіні айтылды. Жиынға 15 адам қатысты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: