Қордай ауданының бас имамы Алмұханбетаранжан Егизбаев Еңбек ауылындағы «Еңбек» мешітінде жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын бақылап қайтты. Қазіргі уақытта мешіттің жылыту жүйесі жаңартылып, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Бұрын электр қуатымен жылытып келген мешітке қазір газ жүйесі орнатылып, ыстық еден жүйесі іске қосылған.
Мешітке келуші жамағатпен жүздескен бас имам, мешітке көмек берудің сауапты әрі игі іс екенін ерекше атап өтіп, жиналғандарға түсінік берді. Ол осындай жұмыстарға үлес қосу арқылы әрбір азамат қоғамға және рухани ортасына қолдау көрсететінін айтты.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі