ҚОРДАЙ: ӘЖЕЛЕР АЛҚАСЫ ЖАСТАРҒА НАСИХАТ АЙТТЫ

ҚОРДАЙ: ӘЖЕЛЕР АЛҚАСЫ ЖАСТАРҒА НАСИХАТ АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы «Қордай» аудандық мешіті мен «Рахман» ауылдық мешіті жанындағы әжелер алқасының мүшелері жиналған жамағатқа жүрекжарды алғыстарын білдіріп, тағылымды насихат айтты.

Алланың берген сансыз нығметтеріне шүкіршілік етудің маңыздылығы мен дұға-тілектің құндылығы жайлы пікір өрбітті. Бұл жиын әйелдердің рухани тұрғыда дамуына, бір-біріне қолдау көрсетуіне және қоғамдағы имандылықты нығайтуға ықпал етті.

Кездесу барысында «Рахман» мешітінің ұстазы Айгүл Жолдасқызы әріптес ұстаздарға ризашылығын білдіріп, оларға алғыс ретінде сый-сияпат табыс етті. Ұстаздың бұл әрекеті шәкірттер мен жамағат арасындағы бірлікті нығайтып, құрмет пен ризашылықтың жарқын үлгісін көрсетті. 

Шара соңында жиналған әйел-қыздар жамағаты Алланы еске алып, дұға жасады. Қордай ауданында өткен бұл кездесу әйелдер қауымының ынтымағын арттырып, олардың рухани дамуына зор үлес қосты. Алдағы уақытта осындай игі шаралар өз жалғасын табады деп күтілуде. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: