ҚОРДАЙ: ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫ ДАСТАРХАН БАСЫНДА БАС ҚОСТЫ

ҚОРДАЙ: ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫ ДАСТАРХАН БАСЫНДА БАС ҚОСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы аудандық «Қордай» мешіті мен «Рахман» мешітінің ұстаздары мен шәкірттері қазақы қонақжайлық дәстүрін жаңғырта отырып, дастархан басында бас қосты. Бұл рухани кездесу – халқымыздың ізгі дәстүрі мен мұсылмандық құндылықтардың үйлескен көрінісі болды.

Дастархан басында ұстаздар уағыз-насихаттарын айтып, шәкірттерге қонақжайлықтың рухани мәні жайлы түсіндірді. Жиынға қатысқан әжелер алқасының мүшелері жүрекжарды тілектерін білдіріп, жас ұрпаққа игі баталарын берді.

Қордай ауданындағы бұл рухани шара халық дәстүрін дәріптеудің ғана емес, адамгершілік құндылықтарды нығайтудың бір жолы болды. Ұлттық рух пен мұсылмандық тәрбиені ұштастыра отырып, дастархан басындағы берекелі кездесу қатысушыларға үлкен әсер қалдырды. Мұндай игі шаралар халқымыздың асыл мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге септігін тигізеді. Дастархан соңында дұға жасалып, бата берілді. Бұл қазақ халқының қонақжайлылықпен бірге рухани құндылықтарды да сақтай білетін тектілігін тағы бір мәрте айшықтады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: