Жамбыл облысы Қордай ауданы, Қордай ауылындағы «Рахман» мешітінің ұстазы Айгүл Жолдасқызының ұйымдастыруымен шәкірттер арасында «Әйелдерге арналған қырық хадис» атты жарыс өтті. Бұл іс-шара әйелдер арасында білімге деген құштарлықты арттыру мен хадистерді меңгеруді насихаттауға бағытталды.
Жарыс барысында шәкірттер «Әр-Раян» және «Жәннәт» атты екі топқа бөлініп, үш кезең бойынша бақ сынасты. Әр кезеңде хадистерді жатқа айту, мағынасын түсіндіру және сұрақ-жауап сайыстары ұйымдастырылды. Топтар арасындағы тартыс өте қызықты әрі әсерлі өтті. Нәтижесінде, «Әр-Раян» тобы жоғары ұпай жинап, жеңіске жетті. Жарыс соңында жеңімпаздарға марапаттар мен сыйлықтар табысталды.
Айгүл Жолдасқызының айтуынша, мұндай шаралар әйелдердің рухани дамуына үлес қосып, олардың білімге деген құштарлығын оятуға ықпал етеді. «Біз шәкірттеріміздің білімін ғана емес, иманын да нығайтуды көздейміз. Осындай жарыстар арқылы әйелдер хадистерді тереңірек түсініп, күнделікті өмірлерінде қолдана алады», – деп атап өтті ол.
Бұл шара Қордайдағы әйелдер қауымының бірлігін арттырып, олардың рухани дамуына үлкен серпін берді. Келешекте де осындай білім беру бағытындағы іс-шаралар жалғасын табады деп күтілуде.