Ауыл тұрғындары 1 200 000 теңге қаражат жинап, Шу қаласындағы «Айтқұл баба» мешітінің ішін жаңа кілеммен жабдықтады. Бұл бастама мешітке келушілер үшін қолайлы әрі жайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылды.
Кілем төсеу рәсімі жергілікті тұрғындардың қатысуымен өтті. Мешіт имамы жиналған жамағатқа алғыс айтып, ауыл тұрғындарының бірлігі мен ынтымағын жоғары бағалады. Бұл игі іс – ауыл халқының мешітке деген ерекше құрметі мен қамқорлығын көрсететін жарқын үлгі.
Жамағат арасында мешітте жасалатын басқа да жобалар мен шараларға үлес қосуға дайын азаматтар бар екені айтылды. Осылайша, «Айтқұл баба» мешіті тек құлшылық орны ғана емес, сонымен қатар, жергілікті қауымдастықтың бірігуіне себеп болып отыр.