Т.РЫСҚҰЛОВ: «ДІНИ РАДИКАЛИЗМ – ТЕРРОРИЗМНІҢ БАСТАУЫ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Т.РЫСҚҰЛОВ: «ДІНИ РАДИКАЛИЗМ – ТЕРРОРИЗМНІҢ БАСТАУЫ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылы «Қасымбай ата» мешітінің имамы, АТТ мүшесі Нұрқияс Әбілдаев және теолог Саян Қырықбаев мектеп жастарымен кездесіп, діни радикализмнің алдын алу жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында олар діни радикализмнің алдын алу, оның қоғам мен жастарға тигізетін зияны туралы жан-жақты түсіндіріп, жастарды дұрыс діни білім алуға шақырды.

Шара барысында Нұрқияс Әбілдаев Ислам дінінің бейбітшілік пен мейірімділікке негізделгенін атап өтіп, шынайы діни құндылықтарды ұстанудың маңыздылығына тоқталды. Ал теолог Саян Қырықбаев жастарды ғаламтор мен әлеуметтік желілердегі күмәнді ақпараттардан сақ болуға, діни сауаттылықты сенімді дереккөздерден алуға кеңес берді. Олар радикалды идеологиялардың жастарды өз қатарына тарту үшін қандай әдістер қолданатынын ашық түсіндіріп, одан сақтанудың жолдарын ұсынды.

Кездесуде оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, діни, әлеуметтік және психологиялық тақырыптар бойынша қажетті жауаптар алды. Сондай-ақ, экстремизмнің алдын алуда ата-аналар мен ұстаздардың рөлі, дұрыс тәрбие мен білім алудың маңыздылығы кеңінен сөз болды.

Жастарға рухани тәрбие беру, олардың дұрыс дүниетанымын қалыптастыру және қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту бағытында мұндай кездесулердің маңызы ерекше. Кездесу соңында Нұрқияс Әбілдаев пен Саян Қырықбаев жастарға ақ жол тілеп, білім мен тәрбиеге ерекше көңіл бөлуге шақырды. Жиналғандар мұндай шаралардың жиі өткізіліп тұру қажеттілігін атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: