Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы ауыл имамдарының атқарған жұмыстарының бір жылдық есебін алды.
Ауданға қарасты 32 ауылдық мешіттің имамдары мен молдалары муфтият бекіткен 5 бағыт және бірнеше бөлімдер бойынша есеп берді. Сонымен қатар, әр түрлі бөлімдер бойынша қосымша сұрақтар қойылды. Кейбір ауыл имамдарының жұмыстары айтарлықтай жоғары деңгейде болса, кейбірі қанағаттанарлық деңгейде болды. Аудан бас имамы жиын соңында кеткен кемшіліктерді атап өтіп, алдағы уақытта сол бағыттар бойынша жұмыстарды жандандыруды тапсырды.