Тұрар Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылдық «Қожай баба» мешітінің имамы Жанболат Сағындықұлы мектеп жастарымен «Ізгі қоғам - өзіңнен басталады» тақырыбында кездесу жасады. Жиынға жастармен бірге ауыл ақсақалы, мектептің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі және мұғалімдер қатысты. Кездесуде ауыл имамы әдеп-ахлақ, тәртіп-тәрбие жөнінде кеңінен баяндап, өмірден мысалдар келтірді.
Ізгі қоғам құру – адамзат баласының ғасырлық арманы, қол созған асқары, ұмтылған межесі. Құндылық ауысқан сайын ізгіліктің де категориясы толығып отыратынын ескерсек, адамзаттың ізгі қоғамға деген ұмтылысы мәңгілік таусылмас тақырып екенін аңғарамыз.
Қоғамның ізгілікке ұмтылуы адамның ізгі істерінен басталса керек. Исламдағы «Жақсылыққа үндеп, жамандықтан қайтару» мәселесінің де бір хикметі қоғамның ізгі болуындағы жеке тұлғаның жауапкершілігін сезіндіру екені анық.