МЕРКІ: ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

МЕРКІ: ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің наиб имамы Пирназаров Бауыржан «Дәстүрлі Ислам діні» тақырыбында жастарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында имам Ислам дінінің негізгі қағидаттары, оның рухани тәрбиеге ықпалы, сондай-ақ жастардың өмірінде адалдық пен ізгілікке негізделген құндылықтардың маңыздылығы туралы айтты.

Сондай-ақ, ол экстремизм мен радикализмнің қауіптілігіне тоқталып, жастарды теріс ағымдардың ықпалынан сақтандыру жөнінде түсінік берді. Имам жастарға діни сауаттылықты арттыру, дұрыс ақпаратты тек сенімді діни дереккөздерден алу және отбасылық, қоғамдық құндылықтарды сақтау керектігін атап өтті.

Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, тұшымды жауаптар алды. Мұндай іс-шаралар жастардың дәстүрлі Ислам діні туралы дұрыс түсінік қалыптастыруына ықпал ететіні сөзсіз. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: