ШУ: ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ МЕШІТТЕ ДАСТАРХАН ЖАЙЫЛДЫ

ШУ: ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ МЕШІТТЕ ДАСТАРХАН ЖАЙЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ақтөбе ауылының ақсақалдарының бастамасымен Тәуелсіздік күніне орай жамағат «Жылғабек» мешітінде ақ дастарханда бас қосты. Ас алдында Құран оқылып, ақсақалды қарияларымыз батасын берді.

Іс-шара барысында ақсақалдар Тәуелсіздіктің қадір-қасиеті мен ұрпаққа қалдыратын рухани мұра жайында өнегелі сөздер айтты. Олар еліміздің тәуелсіздігіне шүкіршілік етіп, бейбіт өмір мен бірліктің маңыздылығына тоқталды.

Жамағат дастархан басында бір-біріне ізгі тілектерін арнап, өткен күндерден тағылым алып, болашаққа сеніммен қарау керектігін атап өтті. «Жылғабек» мешітінің имамы да өз сөзінде осындай рухани кездесулердің қоғамдағы бірлікті нығайтып, жас буынға үлгі болатынын ерекше атап өтті.

Шараның соңында қатысушылар мешіттің игі бастамаларына қолдау білдіріп, осындай басқосулардың жиі ұйымдастырылуына ниеттестік танытты. Ас ішіп, дұға жасаған жамағат ризашылықпен тарасты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: