«Жәми» мешітінде шәкірттер арасында Пайғамбардың (с.ғ.с.) өмірінен сұрақ-жауап ойыны өткізілді. Қатысушылар Алла елшісінің (с.ғ.с) өміріні жайында сауалдарға жауап бере отырып, өз білімдерін көрсетті.
Ойын барысында шәкірттер Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі өмірі, оның мінез-құлқы, отбасы, сахабаларымен қарым-қатынасы және өміріндегі маңызды оқиғалар туралы сұрақтарға жауап берді. Шараның басты мақсаты — шәкірттердің діни білімін арттырып, олардың Алла елшісінің (с.ғ.с.) өмірін тереңірек тануына ықпал ету болды.
Сұрақ-жауап ойынына белсенді қатысқан шәкірттерге арнайы сыйлықтар табысталып, діни әдебиеттер мен ынталандыру сыйлықтары ұсынылды.
Шара соңында ұстаздар ойынға қатысушыларды құттықтап, осындай іс-шаралардың олардың діни сауатын арттыруға әрі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі өмірін үлгі тұтуына септігін тигізетінін атап өтті. Шәкірттер де өз тарапынан алдағы уақытта осындай танымдық шаралардың жиі ұйымдастырылуын сұрады.