«Жәми» мешітіндегі діни сауат алып жатқан шәкірттерге жаңа басылып шыққан діни әдебиеттер табысталды. Атап айтқанда, «Құран» кітап, «Тәжуит», «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Сирасы» және де басқа имандылық әдебиеттері тарту етілді. Жалпы жұмсалған қаражат 500 мың теңгені құрады.
Шара барысында шәкірттерге діни әдебиеттердің маңыздылығы түсіндіріліп, олардың білімін арттыру жолында кітаптардың үлкен рөл атқаратыны айтылды.
«Жәми» мешітінің ұстаздары шәкірттерге бұл сыйлықтардың имандылық пен білім жолындағы үлкен қолдау екенін жеткізіп, барша демеушілерге алғыс білдірді.
Мешіттің жамағаты осындай қайырымдылық шараларын жиі ұйымдастырып, қоғамда діни сауаттылықты арттыруға үлес қосып келеді. Алдағы уақытта да осындай игі бастамалар жалғасын табады деп күтілуде.