«Жәми» мешітіне қарасты орыс тілді әйел-қыздар жамағатына сүйікті пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өнегелі өмірін, сөзі мен ізгі амалдары насихат етілді. Жамағат дастархан басында бас қосып, терең мағыналы әңгімелер тыңдап, тағылымды уағыздардан сусындады.
Жамағат дастархан басында жылы әңгіме-дүкен құрып, өзара пікір алмасты. Іс-шара аясында арнайы дұғалар жасалып, қатысушыларға рухани қолдау көрсетілді. Сондай-ақ, әйел-қыздар жамағатының арасында бірлік пен ынтымақты нығайту мақсатында бұл басқосу ерекше маңызға ие болды.
Шара соңында ұйымдастырушылар әйел жамағатына алғыс айтып, осындай кездесулердің жиі өткізілуі жоспарланып отырғанын жеткізді. Бұл басқосулар жамағаттың діни білімін арттырып, иман жолында нық қадам жасауына себепші болатынына сенім білдірілді.