ШУ: ЖЫЛДЫҚ ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ

ШУ: ЖЫЛДЫҚ ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы Балуан Шолақ ауылы «Қойайдар» мешітінде имам-молдалар жиналып осы жылы атқарылған жұмыстардың түйінін түйіп, қорытыңды шығару мақсатында жылдық жиналыс өткізілді.

Әр ауылдан жиналған имамдар өздерінің бір жыл бойы атқарған жұмыстарының нәтижесін ауданның Бас имамы Алмас Кенжемолдаев және «Төле би» мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлына көрсетіп, есібін берді. Төреағалар сұрақтарын қоя отырып, атқарылған қызметтерге оң бағаларын берді. Десе де, кейбір жұмыстың сапасына байланысты сын-ескертпелер айтылып, алдағы уақытта реттеу жөнінде тапсырмалар берілді.

Жиын барысында міндеттелген жылдық жоспар баяндалды. Атап айтқанда діни басқарма бекіткен 5 бағыт бойынша, мешіттің ішкі-сыртқы ахуалы, діни іс-шараларды өткізу тәртібі мен қыс мезгілінде отын-судың мәселесі қарастырылып, қолға алу көзделді.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Бас имам Бейбіт Әліпбекұлының басшылығымен және жылдық есепті қабылдау комиссиясының шешімімен «Үздік мешіт», «Үздік азаншы», «Үздік ұстаз», «Үздік ардагер имам», «Үздік наиб имам» номинациялары негізінде дін қызметкерлері алғыс хатпен марапатталды. Одан бөлек, «Бірлікүстем» мешітінің молдасы Жетпісбай Әлімбеков және «Жиенбет» мешітінің имамы Шүкірәлі Бердібековқа шипажайға жолдама табысталды.

Шара соңында аталмыш мешіттің имамы Аян Байтұрғанұлының демеушілігімен дастархан жайылып, «Төле би» мешітінің имамы Құран оқыды. Жамағат бүгінгі шараға дән риза болып, жылы лебіздеріп айтып тарқасты. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: