Тұрар Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылдық «Бәйдібек баба» мешітінің имамы Қайсар Сұлтановтың ұйымдастыруымен «Айналаңа мейірім шаш» атты іс-шара өтті. Іс-шарада Қарақыстақ ауылындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың шипажайына түрлі сыйлықтар, кітаптар мен кілемдер сыйға тарту етілді. Жиынға шипажайдың директоры, қызметкерлері және мүгедек балалар қатысып, ауыл имамының жылы лебізін тыңдады.
Шипажай директоры ауыл имамы Қайсар Сұлтановқа осындай игі бастама үшін алғысын білдіріп, бұл шараның балалар үшін үлкен мотивация мен қуаныш сыйлағанын атап өтті. Іс-шараның соңында қатысушылар бірігіп суретке түсіп, алдағы уақытта осындай игілікті шараларды жалғастыруға ниет білдірді.
«Айналаңа мейірім шаш» жобасы арқылы қоғамдағы мейірімділікті, ізгілікті және бір-біріне көмек қолын созу дәстүрін дамыту мақсат етілген. Бұл игі іс ауыл тұрғындары мен мешіт жамағаты арасында ерекше қолдауға ие болды.