«Тоғай» мешітіңде қайырымдылық шарасы өткізілді. Күндердің сұлтаны жұма күні мешіт жамағаты 10 отбасыға күнделікті тұтынатын азық – түлік табыстады. Жиналған қаражан 50 000 мың теңгені құрады.
Шара барысында мешіт имамы жиналғандарға алғысын білдіріп, Алланың разылығы үшін қайырымдылық жасаудың маңыздылығын атап өтті. Бас имам: «Қайырымдылық – мұсылманның ең асыл қасиеттерінің бірі. Біз бір-бірімізге көмектесіп, қолдау көрсеткенде қоғамымыз әлдеқайда мейірімді бола түседі», – деді.
Қайырымдылық шарасына қатысқан жамағат та ризашылықтарын білдіріп, мұндай игі істердің жиі ұйымдастырылып тұрғанын қалады. Шара соңында мұқтаж отбасыларға дұға жасалды.
Айта кетейік, «Тоғай» мешіті қайырымдылық шараларын алдағы уақытта да жалғастыруды жоспарлап отыр.