Тұрар Рысқұлов ауданы Қайыңды ауылдық «Тоқтыбай ата» мешітінің имамы Садуанов Нұрболат шекара қызметкерлерімен кездесіп, оларды теріс ағым қармағынан қорғау жұмыстары жасалды. Әсіресе, ғаламтор дамыған заманда әлеуметтік желілерді қолданғанда аса абай болуы керектігі айтылды.
Діни-сaяси экстремизм мен терроризм және жат ағым идеялaрының әлеуметтік желілер, кітaптaр, журнaлдaр, aудио- бейнежазбалар aрқылы тaрaлуы қарқынды жүріп жатыр. Интернеттің барлық мүмкіншіліктерін игерген жат ағым өкілдері өздерінің пікірлерін әрбір мүмкін жағдайда тықпалауды жақсы игерген. Тіпті өзгенің интернет адресін ашу барысында, автоматты түрде басқа мәліметтер ашылатындай етіп, немесе қандайда бір іздеу жүргізгенде алдымен өздерінің сілтемелері ашылатындай етіп орналастыруға машықтанған.