Биылғы жұмыс жылы соңына жетіп, атқарылған жұмыстардың қортынды нәтижесі есепке алынды. Ауыл имамдары жасаған еңбектеріне байланысты Өкілдік тарапынан өз бағасын алды.
Аудан имамы Р. Асылбекұлының ұсынысына байланысты асыл дінімізге ықыласты түрде қызмет атқарғаны үшін Шығанақ ауылдық "Досекеұлы Абсат" мешітінің молдасы Түсіпов Рахымбай және Мыңарал ауылдық "Шалғынбайұлы Бейсенбай" мешітінің молдасы Әбкеев Сәбит Жамбыл облысының өкіл имамы Бейбіт Әліпбайұлының үздік қызметкерлер марапатымен марапатталды.