БАС ИМАМ «ӘСКЕРГЕ БАРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫМ» ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

БАС ИМАМ «ӘСКЕРГЕ БАРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫМ» ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы мен облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен «Әскерге бару – азаматтық борышым» атты әскерге шақырылғандарды шығарып салу кеші өтті. Салтанатты кешке облыстың бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы қатысып, жастарды Отан алдындағы қызметін абыроймен атқаруға шақырды. 

«Ислам – тек құлшылықтардан ғана құралған дін емес. Дініміз Отанды қорғап, елді сүюге, бейбіт, ізгі қоғам құруға үндейді. Отаншыл адам сөзімен ғана емес, ісімен де үлгі-өнеге болуы тиіс. Осы ретте Әйтеке би бабамыздың: «Өмірім – халықтікі...» деген нақыл сөзінің тәрбиелік мәні зор», – деген Бейбіт Әліпбекұлы халыққа аянбай қызмет ететін, Отанын қорғайтын асыл азаматтардың қатарынан болуға шақырып, жастардың Отан алдындағы парызын абыроймен атқаруын тіледі. 

Айта кетейік, отан алдындағы абыройлы борышын өтеуге Жамбыл облысы бойынша 1500-ға жуық жастар әскерге аттанса, оның 24-і «Ұлттық Ұлан» әскери құрамасына қабылданды.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: