«ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ» ФОРУМЫ ӨТТІ

«ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ» ФОРУМЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық прокуратурасының ұйымдастыруымен «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында форум өткізілді. Форумға Жамбыл облысының бас прокуроры Нұрғалым Мәжитұлы, облыстың бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы, спортшылар Бейбіт Ыстыбаев, Асланбек Шымбергенов, бапкер  Ғалымжан Жылгелдиев пен жергілікті жастар қатысты. Форум барысында жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрге, спортқа баулу, жас өспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, әлімжеттікпен күрес мәселелері қозғалды.

Форумның ашылуында сөз сөйлеген Нұрғалым Мәжитұлы жастар тәрбиесінің маңызы мен жауапкершілігін атап өтіп, оның еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуында маңызды рөл атқаратынын жеткізді.

«Ата-баба тарихына көз жүгіртсек, небір аумалы-төкпелі, қиын-қыстау замандар мен кезеңдерді бастан кешіргенін білеміз. Ол заманда да ұрпақ тәрбиесі назардан тыс қалған жоқ. Иманды, ұлтжанды, білімді, батыр әрі ақыл-парасаты мол ұлт тұлғалары дүниеге келді», – деген Бейбіт Әліпбекұлы ұлттық құндылықтарды сақтау мен діни тәрбиенің маңыздылығын сөз етіп, жастарды рухани тұрғыдан бай болуға шақырды.

Сондай-ақ, спортшылар жастарды спортпен айналысуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, спорттың тек физикалық денсаулықты нығайтып қана қоймай, психологиялық жағынан да жастарды тәрбиелейтінін атап өтті. Сонымен қатар, жастарды тәртіп пен еңбекке баулудың да маңызды екенін айтты. Форум соңында жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, қатысушылар алдағы уақытта да келелі кеңес құрылатын, пайдалы жиынға қатысуға ниетті екендерін жеткізді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: