Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жамбыл облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Екі дүние сардары» атты рухани Мәуліт кеші өтті.
Мәуліт кеші облыстық орталық мешіттің наиб имамы Әбдіжаппар Амировтың Құран оқуымен басталды.Рухан кеште Мәуліт жыры оқылып, «Өнер қырандары» театры түрлі тақырыптағы тағылымды қойылымдарын көпшілік назарына ұсынды. Сондай-ақ әсерлі жыр-термелер орындалып, елдің амандығы үшін дұға жасалды. Кеш соңында Мәуліт кешіне келген көрермендер арасында жеребе тартылып, бағы жанған азаматтарға бағалы сыйлықтар (шаңсорғыш, бу үтігі, кіржуғыш машина, қысқатолқынды пеш т.б.) табысталды. Сондай-ақ, жеребе нәтижесі бойынша екі жеңімпазға «Ummet» қажылық компаниясының басшысы Бахтияр Амиреев кіші қажылыққа арнайы сертификат табыстады.
Кеш соңында облыстың бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы «Қасиетті Мәуліт баршамызға мүбарак болғай! Біздің жыл сайын асыға күтетін Мәуліт мерекесінде қауышып, көріскенімізге шын жүректен қуаныштымыз.Алла Тағала рухани, қайырымдылық кешіне басып келген қадамдарыңызға мол сауаптан жазсын!» - өңір жұртшылығын Мәуліт айымен құттықтады.