Бүгін Жетібай ауылдық клубында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында “Ұрпақ тәрбиесі – Ұлт болашағы” атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің теолог мамандары, “Байзақ баба” мешітінің бас имамы Қанат ұстаз, полиция бөлімінің қызметкерлері және ауыл ақсақалдары қатысты.
Жиын барысында жасөспірімдердің тәрбиесі, құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары және отбасы мен қоғамның жауапкершілігі туралы маңызды мәселелер талқыланды.