Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Дәурен Куттыбаев Қордай ауданы, Қордай ауылы, «Білім» колледжінде «Қазақ дәстүріндегі отбасы құндылықтары» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесу барысында имам Дәурен Куттыбаев қазақ халқындағы отбасы институтының мәні мен маңызына, ата-бабаларымыздың отбасылық тәрбиеге деген көзқарасына тоқталды. Ол қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының отбасы құндылықтарын сақтау мен дамытудағы рөлін атап өтті. Сонымен қатар, қазіргі қоғамда жастардың осы құндылықтарды түсінуі және бойларында ұлттық тәрбие мен жауапкершілікті қалыптастыру қажеттігі туралы ойларын бөлісті. Студенттермен өткен сұхбат барысында отбасындағы ұлт тәрбиесінің, рухани байлықтың маңызы кеңінен талқыланды.
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.