Жамбыл ауданы, Бесағаш ауылы, «Бесағаш» мешітінің имамы Айтжан Керимов Абай атындағы орта мектебінде оқушылармен «Ислам бейбітшілік діні» тақырыбында кездесу өткізілді.
Бұл іс-шараның мақсаты — жастарға Ислам дінінің бейбітшілік пен өзара құрмет ұстанымдарын түсіндіру, діни сауаттылықты арттыру және қоғамдағы толеранттылықты насихаттау. Кездесу барысында Айтжан Керимов Исламның адамзатқа тыныштық пен бейбітшілік әкелетін дін екенін, сонымен қатар діни төзімділік пен өзара түсіністікке негізделген қоғам қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Оқушылар дін мен қоғам туралы сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.