Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылы «Шолпан Дәуіт» мешітінің имамы Қанат Тұмарбекұлының ұйымдастыруымен бес отбасыға 50 000 теңге көлемінде қайырымдылық жасалды.
«Қайырымдылық – сауабы мол амалдың бірі. Алла Тағала «Әли-Ғимран» сүресінде: «Жақсы көрген нәрселеріңді, (мысалы дүние-мүлік, күш-қуат, ақыл, білім, т.б.) Алла жолында жұмсамайынша, шынайы түрде жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар», – деген Қанат Тұмарбекұлы үгіт-насихат айтып, қайырымдылықтың пайдасы мол екенін жеткізді.