Т.РЫСҚҰЛОВ: ЖАМАҒАТ АРАСЫНДА ТЕННИС ОЙЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Т.РЫСҚҰЛОВ: ЖАМАҒАТ АРАСЫНДА ТЕННИС ОЙЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық «Әл-Хақ» мешітінің молдасы Ерман Өтегенұлының ұйымдастыруымен жамағат арасында теннистен жарыс өтті. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілген жарыста қарсыластарына дес бермей, Абдуали қари жеңіске жетті.

Адам баласына берілген үлкен нығметтердің бірі  – денсаулық нығметі. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адамдардың көбі қадіріне жете бермейтін екі нығмет бар, ол – денсаулық және бос уақыт», – деген (имам Бұхари). Денсаулық – адам баласы барында бағалай алмай, айырылып қалса таба алмай жататын баға жетпес байлық. Денсаулық нығметіне пенденің шүкірлігі тілмен ғана шүкір сөзін айту емес, оны күту, денсаулыққа зиян келтірмеу, пайдалы тағамдар жеу, денені шынықтыру сияқты істер де жатқызылады.

Адам баласының өмірдегі негізгі мақсаты құлшылық дейтін болсақ, сол құлшылықты орындауы үшін де денсаулық қажет. Мысалы, ораза ұстау, қажылыққа бару сияқты ұлы ғибадаттарды атқаруы үшін адамның денсаулығы жарамды болуы керек. Сол себепті дініміз Ислам адамға өз денсаулығына мән беруді және оны күтуге көңіл бөлуді талап етеді.  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: