РАНТ мүшесі, Байзақ ауданының бас имамы Қанат Жұмағұл ұстаз Меркі ауданы, Ақарал ауылы «Сыпатай Әлібекұлы» мешітіне жиналған жамағатқа уағыз-насихат жүргізді.
Насихат барысы «Сәлемдесу» тақырыбы аясында өрбіді. Қанат ұстаз: Сәлемдесу бұл мұсылманның міндеті, ардақты Алла Елшісінің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) ұлы сүннет амалы. Сәлемдесу бұл мұсылмандардың арасын жарастыратын, берекелі амал.» - деп жамағатты ауызбіршілікте болуға шақырды.