МЕРКІ: АУЫЛ ИМАМЫ ЖАС САРБАЗДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

МЕРКІ: АУЫЛ ИМАМЫ ЖАС САРБАЗДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Кеңес ауылы «Ар-Раззақ» мешітінің имамы Молдашев Нұрбол Кеңес  ауылдық шекара әскери бөлімшесінде отан алдындағы парызын өтеп жүрген  сарбаздарға «Суицид қиыншылықтан шығатын жол емес» тақырыбында насихат жүргізді.

Ауыл имамы суицидтің тығырықтан шығатын жол емес екенін айтып, бұндай  іс-әрекетке қатысты Қасиетті Құраннан, Ардақты Пайғамбарымыздың ( Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  хадистерінен нақты дәлелдер келтірді.

«Отанды сүю - патриотизм, ұлтжандылық, туған елге ізет, туған жерге қызмет - отанға деген сүйіспеншілік. Отанға жанашырлықпен қарау, адал қызмет ету, халықты сыйлау, халықтың тілі, діні, салт-дәстүрі, қалыптасқан мәдениеті, сүннет жолы, мәзхабы, мемлекеттік рәміздері, шекара аумағы, атамекен секілді қастерлі ұғымдарын да құрметтей білу керек», – деді имам.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: