Меркі ауданы «Достық» мешітінің имамы Халлылаев Тойлыбайдың бастамасымен төрт қызды өсіріп отырған жалғыз басты анамызға көмек көрсетілді.
Ауыл имамы жамағатты осы іске қолдау білдіруге, сауапты іске атсалысуға шақырғаннан кейін, бір бауырымыз өз атынан 500 кірпіш сатып алып беріп, екінші бір қайырымды жандар жаңа темір дарбаза сыйға тартты. Сөйтіп қоршаусыз тұрған анамыздың үйін кірпішпен (пескоблок) қоршап, жаңа дарбаза орнатып берді.