Меркі ауданы «Достық» мешітінің имамы Халлылаев Тойлыбайдың ұйытқы болумен жалғыз басты әженің үйіне күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді.
Ауыл имамы мен қайырымды мешіт жамағаты әжеміздің үйінің іші-сыртын сылап, есік алдына бастырма соғып, жаңа заманауи есік-терезелер орнатып, үйге су кіргізіп, жаңа газ пешін сатып алып берді. Жалпы құрылыс жұмыстарына 1 000 000 тг көлемінде қаражат жұмсалды.
Көмек көрген әжеміз ауыл имамына және осы игі іске атсалысқан барша жанға өз алғысын білдірді.