РАНГ мүшесі, Жамбыл облысының «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Бақытұлы Нұралы Шу аудандық әкімшілік қызметкерлерімен кездесіп, «Дін мен дәстүр» тақырыбында уағыз айтты.
Нұралы Бақытұлы дәстүр мен діннің бірлігі туралы сөз қозғап: «Дін мен дәстүрінің бірлігін сақтай отырып, салт-дәстүр мен мұсылмандық құндылықтарды қатар үйлестіруміз қажет», – деген имам өз сөзінде қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерінің дінмен тығыз байланысты екендігін атап өтті.