РАНГ мүшесі Бақытұлы Нұралы «Әбу-Бәкір» мешіті жамағатына «Пайғамбардың өмірінен өнеге» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.
«Алла елшісі (с.ғ.с.) тек Құран үйретумен ғана шектелмей, адамдарға мінез-құлық, этика, адамгершілік және әділдік сияқты маңызды адами құндылықтарды да үйреткен. Ол өзінің өнегелі өмірімен адамдарға қияметке дейінгі уақыттарда да жол көрсетерлік үлгі қалдырды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) адамзатқа жасаған ең үлкен үлгісі оның әділеттілігі, мейірімділігі, кешірімділігі мен шыдамдылығы болды. Ол кісі адамзаттың ең асыл тұлғасы ретінде тек өз үмбеті үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін де қолдау мен көмек көрсету, жақсылық жасау, әділдік орнату мақсатында өмір сүрген», –деген Нұралы Бақытұлы өмірімізде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегесін ұстанудың, оның жолымен жүріп, әрдайым жақсылық жасауға ұмтылудың маңызды екенін еске салды.
Жиын барысында викторина ойының ойнатып, жамағат арнайы сый-сияпаттар табысталды.