Тұрар Рысқұлов ауданы Қарақат ауылдық «Сүлеймен» мешітінің имамы Азамат Барменұлы ауылдан шыққан жас спортшыларға құрмет көрсету рәсіміне қатысты.
«Тәуелсіз еліміздің мақтанышы» атты тақырыпта өткен іс-шарада Астана қаласында өткен көшпенділер ұлттық ойындарына қатысып, жүлделі орынға ие болған спортшыларға құрмет көрсетіп, еңбектерін елеп, ауыл тұрғындары атынан алғыс білдіріп және сый-сыяпат табыс етілді. Атап айтар болсақ, бүкіл әлемдік көшпенділер ойынынан асық атудан әлем чемпионы Тоқтасын Ерсұлтанға 400 мың теңгенің сертификаты, ал бокстан республикалық, халықаралық жарыстардың жеңімпазы Әбдікерім Айданаға 150 мың теңгенің сертификаты табысталды. Іс шараға ауыл имамы, ауыл әкімі және мәслихат депутаты да қатысып, жылы лебіздерін білдірді.