Жамбыл облысы, Ізгі қоғам бағытының өкілі Есет Тұрдыбайұлы Шоқан Уәлиханов атындағы кітапхана ұжымымен “Діни экстремизм, терроризм - бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп” тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу барысында Есет Тұрдыбайұлы діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға және мемлекетке төндіретін қауіп-қатерлері туралы жан-жақты айтып, жастарды осы бағыттағы радикалдық идеологиялардан сақтану қажеттігін атап өтті.Ол өз сөзінде бүгінгі таңда әлемдегі көптеген конфликтердің және әскери қақтығыстардың негізінде діни экстремизм мен терроризмнің жатқанына назар аударып, жастарды осы қауіпті құбылыстардан қорғаудың маңызды екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, діни ұстанымдарды бұрмалап түсіндіру, жастардың өздеріне дұрыс бағыт бермей, қате ақпаратқа арқа сүйеуі терроризмнің таралуына әкеліп соғуы мүмкін.
Есет Тұрдыбайұлы сондай-ақ, радикалды идеологияларға қарсы қоғамдағы рухани тұрақтылықты сақтаудың және бейбітшілікті нығайтудың жолдарын талқылады.