ЖАМБЫЛ АУДАНЫ: МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ

ЖАМБЫЛ АУДАНЫ: МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы, Бесағаш ауылы мешітінің асханасында Пайғамбарымыздың дүниеге келген айын атап өту мақсатында дастархан жайылып, құран оқылып, жамағатқа Алланың Елшісіне деген махаббат, оны жақсы көру мен жүріп өткен сара жолына қарай отырып өмір сүру мұсылман адам үшін өте маңызды екендігі аталып өтті. Шараға 300 адам қатысты.

Шарада сөз алған аудан имамы Дәурен Куттыбаев: «Мәуліт арабша «туылу», «туылған уақыты» деген мағыналарды білдіреді. Адамзаттың асылы, Пайғамбарлардың ардақтысы Мұхаммед Пайғамбардың туған уақытына байланысты атап өтілетін күн мәуліт деп аталады. Алла Тағала Құранда: «Біз сені бүкіл әлемге мейірім етіп қана жібердік» - деп Пайғамбар өмірінен сабақ алған әрбір мұсылман да, мұсылман емес те осы мейірімділікті сезінетінгідін атап өтті. 

Шарада тәрбиелік мәні бар қойылымдар қойылып, Пайғамбар хадистері мен бабалар өсиеттері айтылды. Тараз қаласы, «Усманжан баба» мешітінің имамы Ораз Баймаханов мәуліт оқып, құран бағыштады. Шара соңында ақсақалды аталар бата берді. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: