Жамбыл ауданы, Құмтиын ауылының мешітінде РАНТ мүшесі Ғазиз Ахмет ұстаз жайылған дастархан үстінде жамағатқа «Ислам және жастар» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Шараға 20 адам қатысты.
Жиын барысында жастар ел болашағы екендігі, құранды жаттап, көп оқыған, Алла тағаланың бұйрықтарын орындаған, ата-анасының разылығын алған Алланың мейіріміне бөленіп, екі дүниенің рахатына бөленумен қатар ата-анасына қияметте тәж кигізгендердің бірі болатындығы айтылды. Алланың разылығына ұмтылған, бұйрықтарын орындаған тек өзіне ғана емес, айналасына да жақсылығы барып тұратындығы жеткізілді. Ислам діні тек сырт көріністегі іс-әрекеттер түзеуден бұрын ішкі жан-дүниенің тазалығымен шынайы ниет пен ықыластың орын алуы екендігі баса назар аударылды.Шара соңында ұстазға сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар берілді.