МЕРКІ: БАС ИМАМ ЖАС САРБАЗДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

МЕРКІ: БАС ИМАМ ЖАС САРБАЗДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы Меркі ауданында орналасқан  «11971 әскери бөлімінде» отан алдындағы борышын өтеуге жаңадан келген  сарбаздарға уағыз-насихат айтты.

Бас имам  суицид тақырыбында уағыз-насихат айтып, жас сарбаздарға бағыт-бағдар берді. Өз
сөзінде Азамат Берікұлы: «Қандай қиыншылық, сынақ болмасын оның шешімін табуға болатыны жайлы,  суицидтің тығырықтан шығатын жол емес екенін айтып, бұндай жаман іске бармауға, қандай да әрекет жасаудан алдын үйдегі сіздерді уайыммен күтіп отырған ата-ана бар екенін естен шығармауға шақырды.»  Өз – өзіне қол жұмсаудың дұрыс емес, әрі қате шешім екеніне қатысты Қасиетті Құраннан, Ардақты Пайғамбарымыздың ( Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  хадистерінен нақты дәлелдер келтірді. Алла Тағала  елімзге тыныштық, халқымызға амандық нәсіп етсін! 

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: